Жаңалықтар

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРДЫ АЙҚЫНДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жарлықпен оқу мәдениетін дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға және оқитын ұлт қалыптастыруға бағытталған жаңа басымдықтар айқындалды.

Негізгі міндеттердің қатарында оқу мәдениетін дамыту, цифрлық технологияларды пайдалана отырып заманауи кітапханалар мен қоғамдық кеңістіктер құру, отандық жазушылар мен баспагерлерді қолдау, сондай-ақ қазақстандық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде кеңінен насихаттау бар.

Үкіметке халықтың кітап оқу дағдыларын дамытуға бағытталған кешенді шараларды іске асыру, кітапхана жүйесін жаңғырту және ұлттық әдебиеттің кең таралуын қамтамасыз ету тапсырылды.

2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін республикалық «Жылдың 10 оқырманы» жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Ал 2026 жылдың соңына дейін 2027-2031 жылдарға арналған «Оқитын ұлт» тұжырымдамасы бекітілуі тиіс.

Сонымен қатар кітапхана және кітап басу ісі туралы жаңа заң әзірлеу, оқу мәдениетін дамытуға арналған Ұлттық сыйлық тағайындау және бірыңғай Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру көзделген.

Back to top button