Қазақстанда мемлекеттік экологиялық бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Кәсіпорындарды тексеру жоспарлы және жоспардан тыс тәртіппен, сондай-ақ экологиялық есептілік пен автоматтандырылған жүйелердің деректерін талдау арқылы жүзеге асырылады.
I және II санаттағы объектілерге қатысты бақылау тәртібі Экология кодексінің 174–174-2-баптарымен реттеледі. 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап № 340 Заңмен енгізілген нормаларға сәйкес, қадағалау органының қызметкерлері кәсіпорынға бармай-ақ, есептілікті, спутниктік суреттерді және басқа да мәліметтерді зерделеу арқылы экологиялық көрсеткіштерді қашықтан тексере алады. Сонымен қатар тәуекел дәрежесін ескере отырып, бекітілген кесте бойынша кешенді тексерулер жүргізу, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштерін қоса алғанда, заңды негіздер болған жағдайда жоспардан тыс бақылау шараларын ұйымдастыру көзделген.
Бұдан бөлек, ластаушы заттардың шығарындыларын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған мониторинг тетігі қарастырылған.
III және IV санаттағы объектілерге қатысты Кәсіпкерлік кодекстің 144–144-2-баптарының нормалары қолданылады. Олар жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді, сондай-ақ профилактикалық бақылауды көздейді.
Профилактикалық бақылау кәсіпорынға бармай-ақ, құжаттар мен есептілікті талдау негізінде немесе объектінің тәуекел дәрежесін ескере отырып, мамандардың тікелей баруы арқылы жүргізілуі мүмкін.
