Жаңалықтар

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов өз таңдауын жасады

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады.

Шаһар басшысы «Ивушка» шағынауданындағы №939 сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.

 «Бүгін әр азамат үшін маңызды күн. Сайлау – ел болашағына қатысты өз ұстанымыңды білдірудің маңызды мүмкіндігі. Сондықтан Қонаев қаласының тұрғындарын сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасауға шақырамын. Ең бастысы – тұрғындардың белсенділігі мен жауапкершілігі. Әрбір дауыс – ортақ болашаққа қосылған үлес», – деді қала әкімі.

Сайлау учаскесінде дауыс берушілер үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Тұрғындар белгіленген тәртіппен бюллетень алып, өз таңдауларын жасауда.

Back to top button