Астана қаласында Республика даңғылында, Жастар сарайына қарсы маңында, келушілерге ақшалай түрлі ойындарға қатысу мүмкіндігін беретін, Loft Park атты сауық орны орналасқан. Олардың ішінде, рулеткаға ұқсас ойын түрлері бар. Бұл тұрғыда, Loft Park өзін лотерея операторы түрінде белгілейді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесі мен лотереяларды реттеу Комитетіне маңызды сұрақ туындайды: Loft Park қызметі, оның Жастар сарайы секілді маңызды ғимаратқа жақын орналасуы, лотореялық билеттер тарату мен лотореялық терминалдар орнату заңнамасына қаншалықты сәйкес келеді?
Осындай сауық ғимараттарының, Жастар сарайы секілді, мәдени және білім беру нысандарына жақын орналасуы, олардың осы жерде жұмыс жасауының әдептілігі мен заңдылығы сұрақ тудыратынына басты назар аудару керек.
Біз, өкілетті органдарды, аталған жағдай бойынша, нақты жауап пен түсіндіру беруге шақырамыз.