Жаңалықтар

СЫРЫЛҒАН АҒАШТАРДЫҢ ОРНЫНА МИЛЛИОННАН АСТАМ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛУЫ ТИІС БОЛҒАН

Алматы облысында мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы ағаштарды өтемдік отырғызу бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізді.

Соңғы жылдары өңірде 100 мыңнан астам ағашты кесуге 307 рұқсат берілген. Оның орнына бір миллионнан астам көшет отырғызу көзделгенімен, бұл міндеттемелер толық орындалмаған.

Елеулі заң бұзушылықтар Еңбекшіқазақ ауданында анықталды. Онда 120 рұқсат негізінде 63 мыңнан астам ағаш кесілген. Бірақ оның орнына өтемдік ағаш отырғызу жұмыстары толық көлемде жүргізілмеген.

Прокуратураның шара қолдануы нәтижесінде Алматы облысында қазірдің өзінде шамамен 150 мың ағаш отырғызылды. Сонымен қатар 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, өңірдегі жасыл желек қорына толық түгендеу жүргізіп, көгалдандыру жұмыстарына бақылауды күшейту жоспарланып отыр.

Back to top button