Жаңалықтар

САПАСЫЗ ТІС ЕМІНІҢ АҚШАСЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Маңғыстау облысында тұтынушы сапасыз көрсетілген стоматологиялық қызмет үшін төленген қаражатын қайтара алды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың желтоқсанында Ақтау қаласының тұрғыны жекеменшік клиникада ем қабылдаған. Алайда қызметтер жазбаша шарт жасалмастан көрсетілген – жүгіну фактісі тек банктік қосымша арқылы жасалған төлеммен расталған.

Бірнеше аптадан кейін пациентте асқынулар пайда болып, оған периодонтит диагнозы қойылған. Дәрігердің ұсынысымен ол облыстық стоматологияға жіберіліп, онда шұғыл түрде тісін жұлып тастаған.

Ем жүргізген клиника қаражатты қайтарудан бас тартқаннан кейін, әйел тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген.

Істі қарау қорытындысы бойынша оған 262 мың теңге төленді – бұл сомаға ем үшін қайтарым, тісті қалпына келтіру шығындары, моральдық зиян және өтемақы кірген.

Аталған жағдай көрсеткендей, шарттың болмауы сапасыз қызмет үшін қаражатты қайтаруды талап ету құқығынан айырмайды.

Back to top button