Әзірбайжанда 27 жыл тыйым салынғаннан кейін казинолардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Ойын мекемелері 1998 жылдан бері заңсыз жұмыс істеп келген, алайда қазір олар тек қатаң белгіленген аймақтарда, Каспий теңізіндегі жасанды аралдарда, сондай-ақ еліміздің солтүстігі мен оңтүстігіндегі жекелеген жағалау аймақтарында ғана жұмыс істей алады.
Бұл бастама туристер ағымын арттыруға және экономиканы нығайтуға бағытталған. Казино ашқысы келетін операторлар жыл сайын 340 мың манат (шамамен 200 мың АҚШ доллары) көлемінде лицензиялық алымды төлеуі тиіс. Мұндай орындарға тек 21 жастан асқан азаматтар ғана кіре алады.
Әзірбайжан депутаттары заңдастырудың экономикалық тиімділігін атап өтіп, көрші елдердің тәжірибесіне жүгінеді. Халық саны мен аумағы жағынан кіші Грузия туризмнен Әзірбайжаннан көбірек табыс табады. 2024 жылы Грузияның құмар ойын секторынан түскен 28 млрд АҚШ доллары кірістің елеулі бөлігін, оның ішінде әзірбайжандық туристер де бар, шетелдік қонақтар қамтамасыз еткен.
Осы жағдайда Қазақстанмен салыстырғандағы айырмашылық айқын көрінеді. Мұнда, заңды казинолардың бар болуына қарамастан, сала ұзақмерзімді құлдырау жағдайында. Бәсекеге қабілеттілікті арттырып, ойын бизнесін бюджетке тұрақты табыс көзіне және туризмнің қозғаушы күшіне айналдырудың орнына, біз қызметтің қысқаруы мен орындардың жабылуын көріп отырмыз. Сала өкілдерінің пікірінше, негізгі себептер — шамадан тыс салықтық жүктеме, жүйелі инфрақұрылымдық қолдаудың болмауы және реттеуші органдар тарапынан тұрақты әкімшілік қысым.
Осылайша, Әзірбайжан құмар ойын бизнесін инвестиция тарту және туризмді арттыру құралы ретінде қарастырып, экономикаға прагматикалық көзқарас танытып отыр. Ал Қазақстан болса, барлық мүмкіндікке ие бола тұра, іс жүзінде заңды сектордың құлдырауын бақылап отыр.
Мәселе ұзақ мерзімді перспективада туристер мен инвестиция үшін жарыста кім жеңеді. Қазіргі уақытта жауап анық.