Жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЕКІ КҮНДЕ 500 ЛИТРДЕН АСТАМ ЗАҢСЫЗ АЛКОГОЛЬ ӨНІМІ ТӘРКІЛЕНДІ

Алматыда алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз саудалаған кәсіпкерлердің заңсыз әрекеті тоқтатылды.

Тексеру жұмыстарын Алмалы ауданы полициясының қызметкерлері, Профилактикалық жұмыс үйлестіру басқармасының мамандары және Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері бірлесіп жүргізді.

Рейд барысында алкоголь өнімдерін тиісті рұқсатсыз сатқан 17 жеке кәсіпкер анықталды. Оларға қатысты әкімшілік материалдар жиналды. Заңсыз айналымнан 500 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді.

Сонымен қатар тағы 12 кәсіпкер алкоголь өнімдерін сату кезінде заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша шара қолданылды.

Осылайша, екі күндік тексеру қорытындысы бойынша барлығы 29 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Back to top button