Алматыда прокуратура жүргізген тексеру қорытындысы бойынша жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу барысында заңнама талаптарын елеулі түрде бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды.
Тексеру барысында сот орындаушысының талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы сот шараларына қарамастан, борышкердің банк шотындағы тыйымды екі рет заңсыз алып тастағаны анықталды. Бұл әрекеттер тыйым салынуға тиіс қаражатқа еркін билік етуге мүмкіндік берген.
Сот белгілеген шектеулер қолданыста болған кезде қамтамасыз ету шараларын алып тастау қаражатты шығарып алу қаупін туындатып, сот актісінің орындалуын қиындатуы мүмкін еді.
Қадағалау шараларының қорытындысы бойынша қала прокуратурасы Әділет департаментіне тиісті акт енгізіп, онда жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтату мәселесін көтерді.
Кейін Алматы қаласының Алмалы аудандық соты жеке сот орындаушысының кәсіби қызметпен айналысуға берілген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды.
