Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҮШІН «ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

 

 

Енді қазақстандық әскери қызметшілер әлімжеттік, күш қолдану, заңсыз ақша жинау, психологиялық қысым көрсету және өзге де құқық бұзушылықтар туралы жаңа цифрлық өтініштер жүйесі арқылы тікелей хабарлай алады.

Жаңашылдық ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан Бас әскери прокуратура үйлестіретін «Цифрлық профилактика» бағдарламасы аясында енгізілді.

Бұған дейін құқық бұзушылық фактілері әскери бөлім ішінде қалып қоюы мүмкін болса, енді әскери қызметшілердің өз құқықтарын қорғауға арналған қосымша құралы пайда болды.

Әрбір өтініш белгіленген тәртіппен қаралады. Жедел әрекет ету үшін Әскери полицияның бірыңғай Call-орталығы жұмыс істейді.

«Профилактиканың цифрлық құралдарын енгізу әскери тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қызмет өткерудің қауіпсіз жағдайларын жасауға ықпал етеді», — деп атап өтті ҚР Ішкі Күштері Әскери полиция бас басқармасының алдын алу басқармасының бастығы подполковник Әділхан Қалиев.

Құқық бұзушылықтар туралы мына нөмір арқылы хабарлауға болады:
+7 700 081 11 19

Back to top button