Жаңалықтар

Қонаевта 31 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Бүгін Қонаев қаласында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы басталды.

Қала бойынша 31 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 26-сы ашық, 5-еуі жабық учаске. Ал 6 сайлау учаскесі Шеңгелді ауылдық округінің елді мекендерінде орналасқан.

Қонаев қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 45 365 азамат енгізілген. Сайлау комиссияларының құрамында 215 адам жұмыс істейді.

Мүмкіндігі шектеулі 154 сайлаушыға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасалған. Учаскелер пандустармен, арнайы кабиналармен және тиісті техникалық құралдармен жабдықталған.

Қала мен Шеңгелді ауылдық округіндегі 22 сайлау учаскесінде сайлаушылар дерекқорына қолжетімді онлайн-сервис іске қосылған.

Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Өз учаскеңізді анықтау үшін 109 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

САҒАТ 07:00 (ОБЛЫСТЫҚ ШАРА)

Back to top button