Жаңалықтар

ҚОНАЕВТА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қонаев қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Алматы облысының тұрғындарымен кездесті.

Іс-шара Жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында өтті. Кездесу барысында коалиция өкілдері құжаттың негізгі ережелері туралы баяндап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Еліміздің одан әрі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ұсынылған өзгерістердің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Жиында сөз сөйлеген Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаева реформаның саяси және әлеуметтік мәніне кеңінен тоқталып, Мемлекет басшысы бастаған реформалар мемлекеттік басқарудың әділ, тұрақты және тиімді моделін құруға бағытталғанын атап өтті.

ҚОНАЕВТА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер облыс тұрғындарына маңызды мәселелер бойынша түсініктеме алуға және үкіметтің негізгі бастамаларын талқылауға белсенді атсалысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Back to top button