Қазақстанда соңғы жеті жылда 1 483 жаңа мектепке дейінгі ұйым ашылды. Қазіргі уақытта елімізде 12 мыңнан астам балабақша мен басқа да мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда миллионнан астам бала тәрбиеленуде.
Соңғы үш жылда мектепке дейінгі ұйымдар желісінде қосымша 234 мың орын ашылды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа орындар жаңа балабақшалар салу, жұмыс істеп тұрған мекемелерді қайта жаңғырту және кеңейту, сондай-ақ шағын орталықтар ашу есебінен құрылып жатыр.
