Жаңалықтар

ЖИ, ҒЫЛЫМ МЕН ЖЕҢІС: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АҚШ-ТА ТАНЫЛДЫ

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен Regeneron ISEF 2026 халықаралық ғылыми байқауында кезекті жетістікке жетті. Бұған дейін қатерлі ісікті анықтайтын жасанды интеллект жүйесін әзірлеген оқушы жеңіске жетсе, енді тағы екі отандық жоба Association for the Advancement of Artificial Intelligence (AAAI) ұйымының арнайы марапаттарына ие болды.

KazLib атты академиялық жоспарлау мен үлгерімді талдауға арналған платформа AAAI Student Membership марапатын иеленді. Жобаны Талдықорған қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары Аслан Башаров пен Болысбай Нұркелді әзірлеген.

Ал нейрондық желілерді визуалды түрде құруға арналған Neuralese жобасы бірден екі марапатқа – AAAI Membership және School Library Membership иегері атанды. Бұл әзірлемені №54 Панфилов атындағы Қазақстан-Ресей мектеп-лицейінің оқушылары Михаил Исаков пен Рахим Нұрмұханбетов таныстырды.

Биыл Regeneron ISEF 2026 байқауы Финикс қаласында өтті. Қазақстан атынан ұсынылған бес ғылыми жобаның үшеуі арнайы халықаралық марапаттарға ие болды.

Back to top button