Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 80%-ҒА ЖУЫҚ ӨСТІ

Соңғы екі жылда Қазақстан су шаруашылығы саласын қаржыландыру көлемін едәуір арттырды. 2024–2025 жылдары саланы дамытуға шамамен 677 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл алдыңғы екі жылдық кезеңмен салыстырғанда 79%-ға көп. Салыстыру үшін, 2022–2023 жылдары салаға салынған инвестиция көлемі 377,9 млрд теңгені құраған.

Қаражаттың басым бөлігі су инфрақұрылымын жаңғыртуға және дамытуға бағытталды. Атап айтқанда, халық пен агроөнеркәсіптік секторды тұрақты сумен қамтамасыз етуге арналған су қоймаларын, каналдарды, гидротехникалық құрылыстарды және басқа да нысандарды салу мен реконструкциялауға қаржы бөлінуде.

Ірі жобалардың қатарында Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында Ислам даму банкімен бірлесіп үш су қоймасын салу жобасы бар.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық инвестиция тартумен қатар, озық технологияларды, цифрлық шешімдерді және шетелдік тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар салаға қажетті кадрларды даярлау және ғылыми әлеуетті дамыту бағытында да жұмыстар жүргізілуде.

Back to top button