Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметіне Асадинұлы Жамбыл тағайындалды. Оның сот жүйесінде, прокуратура органдарында және атқарушы билік құрылымдарында 20 жылға жуық мемлекеттік қызмет тәжірибесі бар.
Жамбыл Асадинұлы еңбек жолын 2003 жылы Ақтау қалалық сотында жетекші маман болып бастаған. 2006 жылы ҚР Бас прокуратурасының Маңғыстау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне ауысып, бас маман-статист қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап Маңғыстау облысының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеп, прокурор көмекшісінен аудан прокурорының орынбасарына дейінгі жолдан өтті. 2012 жылы Маңғыстау облысы прокуратурасының тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры болып тағайындалды.
2020 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотын басқарды. 2023 жылы атқарушы билік органдарына ауысып, Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің орынбасары қызметіне кіріскен.
2023 жылғы қарашадан бастап ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық заңнама саласындағы жобалық қызмет басқармасында бас сарапшы болып жұмыс істеді. 2024 жылғы қаңтардан бастап Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарып, осы қызметтен Алматы облысына ауысты.
Жамбыл Асадинұлы 1981 жылы 1 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2008 жылы «қаржы» мамандығы бойынша Шымкент университетін тәмамдаған. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының »Мемлекеттік басқару мектебінің» магистрі.
