Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН 2036 ЖЫЛҒА ДЕЙІН БИОТЕХНОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫН ӘЗІРЛЕП ЖАТЫР

 

Қазақстан биотехнологияны дамытудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруды жоспарлап отыр. Ол ғылыми зерттеулер мен зертханалық әзірлемелерден бастап, оларды өндіріске енгізу және медицинада, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте қолдануға дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

2036 жылға дейінгі биотехнологияны дамыту стратегиясының жобасы Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесі мен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бірлескен отырысында талқыланды. Жиынға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ҚР ҰҒА президенті Ахылбек Күрішбаев, академиктер, ғалымдар, медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар ғылыми инфрақұрылымды дамытуға, білікті мамандар даярлауға, флагмандық зерттеу бағдарламаларын іске асыруға және отандық әзірлемелерді коммерцияландыру тетіктеріне ерекше назар аударды.

Отырыстың қорытындысы бойынша стратегия жобасы қолдау тапты. Денсаулық сақтау министрлігіне сарапшылардың ұсыныстарын зерделеп, құжат пен оны іске асыру жоспарын пысықтау кезінде негізделген бастамаларды ескеру ұсынылды.

Осылайша, Қазақстан жекелеген биотехнологиялық жобалардан ғылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды және өндірісті біріктіретін жүйелі саланы қалыптастыруға көшуді көздеп отыр. Бұл елдің өзіндік технологиялық базасын нығайтып, отандық әзірлемелерді өндіріске енгізу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтілуде

Back to top button