Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамыту және жаңа цифрлық дәуірге қажетті мамандарды даярлау бағытындағы ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. Осы бастаманың негізгі тетіктерінің бірі – AI-Sana бағдарламасы. Ғылым және жоғары білім министрлігі аталған жобаға арналған ақпараттық материалдар топтамасын жариялауды бастайды.
Бүгінде жасанды интеллект болашақтың технологиясы ғана емес. Ол экономика, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және мемлекеттік басқару салаларын қарқынды өзгертіп жатыр. Әлем елдері алдағы онжылдықтардағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін айқындайтын осы технологияларды дамытуға қомақты қаржы құюда.
Қазақстан да жаһандық технологиялық бәсекеде лайықты орын алуды көздейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жасанды интеллектті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды. Сондай-ақ 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.
Бағдарламада білікті кадрлар даярлауға ерекше назар аударылған. Мемлекет басшысы 2024 жылы-ақ білім беру жүйесін, ғылыми зерттеулерді және технологиялық кәсіпкерлікті біртұтас экожүйеге біріктіретін AI-Sana бағдарламасын әзірлеп, кезең-кезеңімен енгізуді тапсырған болатын.
Жоба жасанды интеллект саласының мамандарын даярлаумен қатар, жаңа стартаптардың, ғылыми әзірлемелердің және инновациялық шешімдердің пайда болуына қолайлы жағдай жасауды көздейді. Бұл ретте Қазақстан әлемнің жетекші университеттерінің тәжірибесі мен үздік халықаралық практикаларға сүйенеді.
Күтіліп отырғандай, AI-Sana бағдарламасы жасанды интеллект бағытында өз әзірлемелерін жасайтын, жоғары технологиялық жобаларды іске асыратын және экономиканың түрлі салаларын цифрлық трансформациялауға үлес қосатын жаңа буын мамандарын қалыптастырудың негізіне айналады.
Осылайша, Қазақстан жасанды интеллектті енгізуге ғана емес, ел ішінде болашақ технологияларын жасайтын мамандарды даярлауға да басымдық беріп отыр.
Ожидается, что программа AI-Sana станет основой для формирования нового поколения специалистов, способных создавать собственные AI-разработки, запускать высокотехнологичные проекты и обеспечивать цифровую трансформацию различных отраслей экономики.
Таким образом, Казахстан делает ставку не только на внедрение искусственного интеллекта, но и на подготовку людей, которые будут создавать технологии будущего внутри страны.
