Жаңалықтар

НЕСИЕ АЛАЯҚТАРЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

 

НЕСИЕ АЛАЯҚТАРЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Алаяқтар адамдарды алдаудың жаңа тәсілдерін үнемі ойлап табуда. Олар өзін банк қызметкері, мемлекеттік органның немесе құқық қорғау органдарының өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіреді әрі жеке деректеріне қол жеткізеді. Соның салдарынан кейбір адамдар өз атына рәсімделген несие туралы қарыз жөніндегі хабарлама келгенде ғана біледі.

Мұндай жағдайға тап болмас үшін қаржылық қауіпсіздікке алдын ала көңіл бөлген жөн.

Ең алдымен eGov порталы, eGov Mobile қосымшасы немесе кредиттік бюро арқылы «Стоп-кредит» қызметін іске қосыңыз. Бұл сервис сіздің келісіміңізсіз несие рәсімделуінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Ең басты қағиданы есте сақтаңыз: SMS арқылы келген кодтарды, PIN-кодтарды, бір реттік құпиясөздерді және операцияларды растауға арналған өзге де деректерді ешкімге айтпаңыз. Қоңырау шалушы өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырса да, мұндай ақпаратты беруге болмайды.

Телефонға немесе компьютерге белгісіз бағдарламаларды орнату туралы кез келген ұсынысқа сақтықпен қараңыз. «Қауіпсіздікті тексеру» немесе «шотты қорғау» деген сылтаумен алаяқтар құрылғыңызға толық қол жеткізуі мүмкін.

Мессенджерлерде, SMS арқылы немесе әлеуметтік желілерде бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өтпеңіз. Көп жағдайда алаяқтар дәл осындай сілтемелер арқылы жеке деректерді қолға түсіреді.

Қосымша қорғаныс үшін мүмкіндік бар барлық сервисте екі факторлы аутентификацияны қосыңыз. Бұл аккаунттарыңызға рұқсатсыз кіру қаупін едәуір төмендетеді.

Несиелік тарихыңызды тұрақты түрде тексеріп отыруды ұмытпаңыз. Егер біреу сіздің атыңызға несие рәсімдеуге әрекеттенсе, оны дер кезінде байқап, қажетті шараларды қабылдай аласыз.

Қаржылық қауіпсіздік – қырағылықтан басталады. Жеке деректеріңізді қорғауға неғұрлым жауапкершілікпен қарасаңыз, алаяқтардың оларды пайдалану мүмкіндігі соғұрлым азаяды.

Финансовая безопасность начинается с внимательности. Чем ответственнее вы относитесь к защите своих данных, тем меньше шансов у мошенников воспользоваться ими.

Back to top button