Жаңалықтар

ҮШ АЙДА 317 ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕГІ: ҰҚК МӘЛІМЕТІ

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелері бойынша жаңа деректерді жариялады.

Ағымдағы жылдың ақпан–сәуір айлары аралығында ҰҚК-нің тиісті бөлімшелері 317 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын тіркеді. Олардың басым бөлігі пара алу және беру, алаяқтық, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне қатысты.

Тергеу барысында 226 адам күдікті деп танылды. Жалпы 198 қылмыстық іс аяқталып, оның 175-і сот қарауына жолданған.

Аяқталған істер бойынша келтірілген шығын көлемі 4,2 млрд теңгені құрады.
ҰҚК баспасөз қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Back to top button