Таңдаулы

ЛОТЕРЕЯЛЫҚ РУЛЕТКА

Заңнамалық шектеулерге қарамастан, құмар ойындар Қазақстанда арнайы аймақтар шеңберінен шықты және кәзір әрбір қалада қолжетімді.
Loft Park антикафелер түрінде, нақтысында толыққанды ойын залдары жұмыс жасайды, онда лотереялық ойындар ойнауды ұсынады. Ол тізімде электронды рулетка секілді ойындар бар, оған қатысушылар «бахытты сандарға» бәс тігеді. Классикалық казинолардан ерекшілігі, кезеңдері асқан жылдамдықпен сырғуда, санаулы минуттар сайын жаңа ойын айналымдары жіберілуде, бұл жағдай ойын қарқыны мен қаражат айналымын үдейте түседі.

Арнайы ойын аймақтарында жұмыс жасайтын, лицензияланған казинолар мен ойын залдары, қонақ үйлерін салуға, туристтік ахуалды дамытуға және ірі көлемді салықтар төлеуге міндетті. Олардан бөлек, Loft Park, лотерея түрін жамылып, осы міндеттерден бас тартуда, бұл жағдай заңды кәсіп иелеріне заңсыз бәсекелестік туғызады және олардың дамуына кедергі жасайды.

Лофт-парктердің жаппай тарауы экономикалық нұқсан келтіруден бөлек, Қазақстанда лудомания мәселесін ұшықтыруда. Ақшаға құмар ойындар ойнау баршаға қолжетімді болды — лофт-парктер әр қалада жұмыс жасайды, тіпті кейбір тұрғын үйлерге өте жақын жерлерде орналасқан. Бұл ойыншылардың, соның ішінде жастардың, санын көбейтуге әсер етеді, ойынға тәуелділікті ұлғайтады және адамдардың қаржылық дағдарысына әкеледі. Осыған байланысты, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ойынқұмарлықпен күресті күшейту және заңсыз ойын мекемелер жұмысын тоқтату қажеттілігін сан мәрте атап өткен.

Қазақстанда, осындай лофт-парктер жұмысына бақылауды күшейту және тиісті заңмаларды қайта қарау қажеттілігі бар екені, айқын. Мемлекет мұндай астыртын жүйелерге мүлдем тыйым салу керек, немесе сондай мекемелерді, ресми казиноларға қойылатын талаптарға сәйкес болуын талап ету қажет: ойын мекемелеріндей көлемде салық төлеу, инфрақұрылымға инвестициялық салым салу, кәсібін тек арнайы аймақтарда ғана жүргізу. Кері жағдайда, елімізде заңсыз ойын нарығы, лотерея түрін жамылып, экономикамыз бен әлеуметтік тұрақтылыққа нұқсан келтіріп, тірлігін жалғастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button