Жаңалықтар

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ ЖАҢА ЭКОКЕШЕНННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Қонаев қаласында Алматы облысындағы ең ірі экологиялық инфрақұрылымдық жобалардың бірі – заманауи кәріздік тазарту кешенінің құрылысы қарқынды жалғасуда. Тәулігіне 25 мың текше метр ағын суды тазартуға қауқарлы жаңа нысан су бұру жүйесінің маңызды бөлігіне айналып, қаладағы экологиялық ахуалды едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында ұзындығы 36 шақырым болатын кәріз коллекторы, үш кәріз-сорғы станциясы және кешеннің толыққанды жұмысын қамтамасыз ететін қажетті инженерлік инфрақұрылым салынады.

Құрылыс жұмыстарының барысын Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы барып тексерді. Бас мердігер ұйымның мәліметінше, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылыс алаңы барлық қажетті техникамен, құрылыс материалдарымен және өзге де ресурстармен толық қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда негізгі жер жұмыстары аяқталып, инженерлік желілерді тарту жалғасуда. Сонымен қатар технологиялық жабдықтарды орнатуға дайындық жүргізіліп жатыр. Құрылыс алаңына қажетті жабдықтар мен құрылыс материалдарының бір бөлігі жеткізілген.

Кешен пайдалануға берілгеннен кейін ағын сулар заманауи экологиялық талаптарға сай толық тазарту циклінен өтеді. Бұл қоршаған ортаға түсетін жүктемені айтарлықтай азайтып, жағымсыз иістерді жоюға және қаланың су бұру жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, тазартылған суды техникалық мақсаттарға, жасыл желектерді суаруға және ауыл шаруашылығы саласында қайта пайдалану жоспарланып отыр.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы нысанға іргелес аумақты дамытуға бағытталған қосымша шараларды қарастыруды тапсырды. Атап айтқанда, су тапшылығы туындаған жағдайда Іле өзенінен резервтік су жеткізу нұсқасын пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар Марат Сұлтанғазиев кәріз-сорғы станциясының айналасын көгалдандырып, жыңғыл мен тораңғы ағаштарын отырғызуды ұсынды.

Жобаның жалпы құны — 33,1 млрд теңге. Қазіргі уақытта оның шамамен 6,7 млрд теңгесі игерілді. Құрылыс алаңында күн сайын 100-ден астам маман еңбек етіп, 43 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Нысан құрылысын келесі жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.

Аталған жобаның жүзеге асуы экологиялық талаптарға толық сай келетін заманауи ағын су тазарту жүйесін қалыптастырып, коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға және өңір тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ ЖАҢА ЭКОКЕШЕНННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

 

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ ЖАҢА ЭКОКЕШЕНННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

 

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ ЖАҢА ЭКОКЕШЕНННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ ЖАҢА ЭКОКЕШЕНННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Back to top button