Жаңалықтар

ІІМ АТА-АНАЛАРҒА ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПТЕР ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТТІ

Қазіргі таңда балалар смартфонды интернеттегі қауіп-қатерлерді толық түсінбей жатып қолдана бастайды.
Сондықтан ересектердің балаларға цифрлық кеңістікті қауіпсіз меңгеруге көмектесуі аса маңызды.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ата-аналарға балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне қатысты маңызды ескерту жасады.

Полиция өкілдері балаларды интернетте қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мамандар алғашқы аккаунттарды бірге ашып, ата-аналық бақылауды орнатып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажет екенін айтады. Бұл тек зиянды контенттен қорғау ғана емес, бейтаныс адамдармен байланыс, интернет-алаяқтар және жеке деректердің таралу қаупінің алдын алу үшін де маңызды.

ІІМ гаджет алдында шамадан тыс уақыт өткізудің кері әсеріне де назар аударды. Экран алдында ұзақ отыру баланың денсаулығына, ұйқысына және психоэмоциялық жағдайына зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты ата-аналарға балалармен цифрлық қауіпсіздік туралы жиі сөйлесіп, интернет кеңістігінде сақтық танытуға үйрету ұсынылды.

Back to top button