Жаңалықтар

ҚАЗЫНАҒА МИЛЛИАРДТАР ТҮСІП, МЫҢДАҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ: ҚҰМАР ОЙЫН ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІ

Алматы облысындағы құмар ойын индустриясы салық түсімдерінің ірі көздерінің бірі бола отырып, өңірге қосымша туристік ағын қалыптастыруға да ықпал етіп келеді. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында заңды құмар ойын бизнесі кәсіпорындары бюджетке 25 млрд теңге көлемінде салық аударған.

Оның ішінде 10,6 млрд теңге облыстық бюджетке түссе, қалған қаражат республикалық қазынаға бағытталған. Соңғы екі жарым жыл ішінде сала кәсіпорындарының салық аударымдары 184,7 млрд теңгеге жетіп, оның 53,8 млрд теңгесі облыс бюджетінің кірісін толықтырды.

Қазіргі таңда Қонаев қаласында құмар ойын бизнесінің 21 нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында бес казино, үш ойын автомат залы және он үш букмекерлік кеңсе бар. Бұл сала бірнеше мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Әкімдік мәліметінше, экономикалық тиімділік тек салық түсімдерімен шектелмейді. Құмар ойын бизнесі туризм саласының дамуына да оң әсерін тигізуде. Облыстық туризм басқармасының дерегіне сәйкес, казиноға келушілердің шамамен әрбір бесіншісі — шетелдік турист.

Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлының айтуынша, Қонаевқа келетін туристер қонақүйлердің, мейрамханалардың, көлік және сауда қызметтерінің мүмкіндіктерін пайдаланады. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және қаладағы іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді.

Құмар ойын индустриясы кәсіпорындарынан түсетін салықтар білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, халықты әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруға, жолдарды салу мен күтіп ұстауға, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ мәдениет пен спорт салаларын қолдауға бағытталады.

Осылайша, заңды құмар ойын бизнесі мемлекеттік қазынаны толықтырып қана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындаудың, инфрақұрылымды дамытудың және халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды қаржы көздерінің біріне айналып отыр.

Таким образом, легальный игорный бизнес не только пополняет государственную казну, отчисляя налоги, но и становится одним из источников финансирования социальных обязательств государства, развития инфраструктуры и повышения качества жизни населения.

Back to top button