Алаяқтарды анықтау барған сайын қиындап барады — енді олар сіздің таныстарыңыздың даусымен сөйлейді.
Қазір жаңа схема таралуда: қаскөйлер мессенджерлерді бұзып, хат алмасуларды зерттейді және ескі дауыс хабарламаларын пайдаланады. Солардың негізінде жасанды дауысты жасап, таныстарына мәтін емес, дауыстық хабарлама жібереді — онда шұғыл түрде қарызға ақша сұрайды.
Мұндай хабарламалар өте сенімді естіледі: интонациясы, сөйлеу мәнері — бәрі досыңыздікі немесе туысыңыздыкі сияқты. Сол себепті көп адам күмәнданбай, ақша аударып жібереді.
Мұндай жағдайда жалғыз кеңес — тіпті дауысқа да сенбей, ақпаратты міндетті түрде қайта тексеру.