Қонаев қаласында Ұлттық коалиция мүшелерінің «ПолимерМеталл-Т» ЖШС ұжымымен кездесуі өтті. Іс-шара алдағы республикалық референдумға арналған ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында ұйымдастырылды.
Спикерлер референдумның маңызы туралы айтып, оның елдің одан әрі дамуындағы айрықша рөлін атап өтті. Сондай-ақ референдум азаматтарға басты мемлекеттік мәселелер бойынша өздерінің белсенді ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретіні айтылды.
Кездесу барысында азаматтық жауапкершілікке және қазақстандықтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Жиын соңында «ПолимерМеталл-Т» ЖШС еңбек ұжымы 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысуға шақырылды. Халық арасында түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
