Петропавлда өңделіп, қапталғаннан кейін қалалық базарларға жеткізіліп отырған ет өнімдерін заңсыз өндіру фактісі анықталды. Цехтың қызметін полиция қызметкерлері жедел тексеру барысында тоқтатты.
Polisia.kz мәліметінше, заңсыз цехты ұйымдастырған 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол үйрек етін сатып алып, оны өз бетінше өңдеп, қаптаған. Дайын өнімді кейін қалалық базарлардағы сауда орындары арқылы сатқан.
Тексеру барысында бірнеше сала бойынша заңбұзушылықтар анықталды. Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін ер адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ветеринариялық инспекция санитариялық-ветеринариялық нормалардың бұзылғанын анықтады.
