Жаңалықтар

EGOVТЫҢ ЖАҢА ФУНКЦИЯСЫ: АУРУХАНАҒА ТҮСКЕН ЖАҒДАЙДА ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ХАБАР БЕРІЛЕДІ

Қазақстандықтар енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлама алатын жақын адамдарын алдын ала таңдай алады.

Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді.

Пайдаланушы үш адамға дейін сенімді байланыс тұлғасын тіркей алады. Ол үшін олардың ЖСН-ын көрсетіп, таңдалған адамның SMS арқылы келісімін алу қажет.
Сенімді байланыс тұлғасы 18 жастан асқан әрі Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс. Келісім берілгеннен кейін мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

Egov Mobile қосымшасында қызмет «Мемлекеттік қызметтер → Денсаулық сақтау» бөлімінде орналасқан. Өтінімді өңдеу уақыты 10 минутқа дейін созылады.

Жаңа сервис Денсаулық сақтау министрлігі мен жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлесуімен іске қосылды.

Back to top button