Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ПӘТЕР САТУ: ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА САЛЫҚ ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ

Қазақстанда пәтер сатқан кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеті барлық жағдайда бірдей туындамайды. Салық тек жылжымайтын мүліктің құнының өсуінен табыс алынған жағдайда ғана есептеледі.

Яғни, салық пәтерді сатудан түскен бүкіл сомаға емес, оны сатып алған және сатқан кездегі баға айырмасына ғана салынады. Егер мүлік құны өспесе, салық төлеу міндеті де туындамайды.

Сонымен қатар, салықтан босату тәртібі жылжымайтын мүліктің қашан сатып алынғанына байланысты өзгереді. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған пәтерлер бойынша бұрынғы тәртіп сақталады: егер меншік иесі пәтерге бір жылдан астам уақыт иелік еткен болса, ЖТС төленбейді.

Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сатып алынған жылжымайтын мүлік үшін ең төменгі иелік ету мерзімі өзгерді. Мұндай жағдайда пәтерді сату кезінде ЖТС төленбеуі үшін ол меншік иесінің иелігінде кемінде екі жылдан астам болуы тиіс.

Осылайша, белгіленген иелік ету мерзімі сақталса және салық заңнамасында көзделген өзге де негіздер болмаса, пәтерді сату кезінде жеке табыс салығын төлеу міндеті туындамайды.

Back to top button