Жаңалықтар

ПРОКУРАТУРА МӘМС ҚОРЫНАН ЗАҢСЫЗ ҚАРАЖАТ АЛУ ДЕРЕГІНІҢ АЛДЫН АЛДЫ

Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен заңсыз төлем алу схемасының жолы кесілді. Прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде мемлекетке 65,9 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анықталды.

Тексеру барысында екі жекеменшік стоматологиялық клиниканың басшысы медициналық ақпараттық жүйеге көрсетілмеген ортодонтиялық қызметтер туралы жалған мәліметтер енгізгені белгілі болды. Әңгіме туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілген емдеу қызметтері туралы болған.

Жалған қызметтерді рәсімдеу үшін пациенттердің жеке деректері пайдаланылған. Медициналық жүйеге енгізілген ақпарат негізінде клиникалар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан төлем алып отырған.

Тексеру қорытындысы прокуратураның ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық істі тіркеуге негіз болды. Қонаев қаласының соты күдіктінің кінәсін толық мойындады.

Мемлекетке келтірілген 65,9 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді.

Back to top button