Герат қаласында Қазақстан мен Ауғанстанның іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өтті. Қазақстан делегациясын Сауда және интеграция вице-министрі Асет Нусупов бастап барды. Іс-шараға отандық 12-ге жуық компания қатысты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша WAYSTAR және Kim Rail International компаниялары ауғандық OSMAN KHALID компаниясымен жалпы құны 11 млн доллар болатын бидай жеткізуге арналған екі келісімшартқа қол қойды.
Сонымен қатар тараптар қазақстандық күнбағыс майын шамамен 10 млн долларға жеткізу бойынша баға шарттарын келісті.
2026 жылдың жеті айында Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 581,1 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың қорытындысындағы сауда көлемінен (541,6 млн доллар) асып түсті.
