Жаңалықтар

ЖӨНДЕУ МЕ, ӘЛДЕ СЫНАҚ ПА? АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР

Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайы ғимаратындағы жағдайға наразылық білдірген ер адамның видеосы таралуда. Оның айтуынша, әуежайдағы жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт бойы жалғасып, шу мен шаңға ұласып, жолаушыларға айтарлықтай ыңғайсыздық туғызуда.

Сонымен қатар, әуежайда ауқымды жаңғырту жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Мәліметтерге сәйкес, ішкі рейстер терминалын қайта жаңарту 2026 жылдың шілде айына дейін аяқталуы тиіс, ал жобаның алғашқы кезеңі толықтай 2028 жылға дейін жүзеге асырылмақ.

Алайда басты мәселе — мұндай жұмыстарды жолаушылар үшін  жайлылық деңгейін қамтамасыз етпей жүргізу қаншалықты орынды?

Әуежай — құрылыс алаңы емес. Бұл — қала мен ел туралы алғашқы әсер қалыптастыратын маңызды нысан.

Осы жағдайға әуежай өкілдері қандай түсініктеме береді екен. @almatyinternationalirport

Back to top button