Алматы облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына қарасты Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қысқы кезеңде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.
– Полиция қызметкерлері жүргізушілердің назарын автожолдардың жекелеген учаскелерінде, әсіресе қатты жел соғатын жерлерде көктайғақтың пайда болуына аударады. Бұл ретте жол жамылғысының бір бөлігі көзге ашық болып көрінуі мүмкін, алайда кейбір тұстарында мұз сақталып, жол қозғалысының қатысушылары үшін елеулі қауіп төндіреді. Мұндай учаскелерге кірген кезде жүргізушілер көлік құралын басқаруды жоғалтып, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Осыған байланысты полиция жүргізушілерді барынша сақ болуға, жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауға, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты түрде тексеріп отыруға шақырады. Әсіресе шиналардың жай-күйіне және олардың маусымдық талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударуды ұсынылады.
– Қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын және жол қозғалысы ережелерін сақтау жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді, – деп толықтырды ведомствода.
