Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП СТУДЕНТТЕРГЕ СТИПЕНДИЯ КӨТЕРІЛЕДІ

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда студенттер стипендиясы біршама өседі. Бакалавриат деңгейінде ол 52 372 теңгені, магистратурада — 117 098 теңгені, ал докторантурада — 262 500 теңгені құрайды. Осылайша, соңғы бес жылда бакалавриат стипендиясы екі есеге, магистратура мен докторантура стипендиясы 1,75 есеге ұлғайды.

Білімге қолжетімділікті арттыру бағытында да нақты қадамдар жасалуда. Қазақстанда білім гранттарының саны 1,4 есеге көбейіп, 2024 — 2025 оқу жылына рекордтық көлемде — 93 116 грант бөлінді.

Сонымен бірге студенттердің әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалған жоқ. 2019 жылы 82,5 мыңды құраған жатақханадағы орын тапшылығы 2024 жылға қарай 14 873 төсек-орынға дейін қысқарды. Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаға орналастыру қызметі проактивті форматта жүзеге асырыла бастады.

Бұл шаралар мемлекет саясатының басты бағытын айқындайды: жастарға қолайлы жағдай жасап, сапалы білім алуға кең мүмкіндік беру. Себебі ертеңгі елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші — дәл осы бүгінгі студенттер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button