Жаңалықтар

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Қазақстанда жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылауды күшейту жоспарлануда. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді Мәжіліс мақұлдады.

Депутат Дмитрий Колода мәлімдегендей, құжат қолданыстағы жеке сот орындаушылары үшін міндетті аттестацияны қайта енгізуді көздейді. Бұл рәсім аясында олардың салалық заңнаманы білу деңгейі және кәсіби әдеп нормаларын сақтау талаптары бағаланатын болады.

Егер орындаушы өз біліктілігін растай алмаса, бұл оның лицензиясын кері қайтарып алуға негіз болады. Бұдан бөлек, жаңа нормалар жеке сот орындаушыларын банк үзінділерін ашуға міндеттейді. Бұл олардың қызметінің ашықтығын арттырып, мемлекет тарапынан бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Back to top button