Жаңалықтар

53,4 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНЫП, 22 МАМАН ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛДЫ: ЖОЛДАРДЫ ТЕКСЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2026 жылы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мамандары республикалық маңызы бар жолдарда 50-ге жуық бақылау іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде 1 670 ақау мен заңбұзушылық анықталды.

Негізгі ескертулер жолдардағы шұңқырлар, жарықтар, ойықтар, асфальтбетон жабындысының ығысуы және жолдың ойылуына қатысты болды.

Бүгінде анықталған ақаулардың 831-і немесе жалпы санның 49,8%-ы жойылды. Қалған ескертулерді жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Сапаны тиісті деңгейде бақыламағаны үшін техникалық қадағалау мамандарына 53,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Техникалық қадағалаудың 22 сарапшысы жұмыстан босатылды.

Мердігер ұйымдарға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы талаптар берілді. Жол жұмыстарының сапасын тексеру республикалық жолдар желісі бойынша жалғасады.

Back to top button