Қызықты

КАЗИНО, САЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

Алматы облысының тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы, ойын бизнесі субъектілеріне салық мөлшерін ұлғаюына алаңдаушылық білдіреді. Олардың пікірінше, мұндай шара ойынханалардың жаппай жабылуына және соның салдарынан Қонаев қаласының 4 мыңнан астам тұрғынның жұмыссыз қалуына әкеліп соғады.

Осыдан бірер жыл бұрын ғана Қапшағай (қазіргі Қонаев) дағдарыс жағдайында болды – жұмыссыздық, жастардың жаппай кетуі және қала инфрақұрылымының нашар дамуы, оны еліміздің күйзеліске ұшыраған аймақтарының біріне айналдырды. Алайда, ойын бизнесінің келуі, қалаға жаңа өмір сыйлады: казиноның пайда болуы туристерді қызықтырды, қонақ үй мен мейрамхана бизнесін жандандырды, мыңдаған тұрғындарға жұмыс берді.

Бүгінде, лицензиясы бар ойынханалар мен ойын автоматтары залдары туристердің ойын-сауық орны ғана емес, сонымен қатар қала экономикасының маңызды элементі болып табылады. Олар бюджетке тұрақты салық түсімдерін қамтамасыз етеді, шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосады, сондай-ақ, әлеуметтік жобаларға белсенді қатысады: балалар үйлерін қолдау, жағдайы төмендерге көмек көрсету, тіпті қаланы абаттандыруға қатысады.

Өткен жылдардың тәжірибесі, ойын бизнесіне түсетін салық жүктемесінің күрт артуы, ауыр зардаптарға әкелетінін көрсетеді. Осылайша, 2017 жылы салықтың артуы бірқатар казиноларды жабуға мәжбүр етті, бұл жұмыс орындарының қысқаруына және салық түсімдерінің азаюына әкелді. Бүгінде жағдай қайталануы мүмкін, бірақ аймақ экономикасы үшін одан да ауыр зардаптары бар.

Егер ойын мекемелері жұмысын тоқтатса, мыңдаған казино қызметкерлері, сондай-ақ аралас салаларда — қонақүй, мейрамхана және көлік бизнесіндегі жұмысшылар жұмыссыз қалады. Ел бюджеті қомақты салық түсімінен айырылып, заңсыз онлайн-казино мен астыртын ойын орындарына сұраныс арта түсетіні сөзсіз. Заңды бизнеспен бәсекелестік болмаған жағдайда астыртын құрылымдар өркендеп, заңсыз табыс көлемі айтарлықтай артады. Сонымен қатар, бұл ақшаның қайда кететіні және қандай күштерді қаржыландыра алатыны мүлдем түсініксіз, бұл қосымша әлеуметтік және экономикалық тәуекелдерді тудырады.

Сонымен қатар, жұмыс орындарының жаппай жабылуы тұрақты табыс табу үшін жастардың басқа аймақтар мен шет елдерге кетуіне әкеледі. Сондай ақ, халықтың сатып алу қабілеті төмендей бастайды, бұл қаладағы үлкен экономикалық құлдыраудың алғашқы белгісі болады.

Сонымен қатар, ойын орындарының жабылуы мемлекеттен жұмыссыз қалған мыңдаған адамға баламалы қолдау шараларын қабылдауды талап ететіні сөзсіз. Олардың қатарында азаматтардың өтпелі кезеңнен аман өтуіне мүмкіндік беретін уақытша әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ олардың басқа салаларда жаңа жұмыс орындарын табуы үшін кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бар. Алайда, бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін едәуір бюджеттік шығындар қажет болады, бұл экономикаға қосымша салмақ түсіреді және басқа да әлеуметтік бағдарламаларға зиян келтіретін қаражаттың қайта бөлінуіне әкелуі мүмкін.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде ресми түрде тек заңды 6 казино мен 9 ойын автоматтары залы жұмыс істейді. Алайда, олармен қатар, құқық қорғау органдары тарапынан жиі анықталып, жабылатын, тыйым салынған онлайн-казинолар мен астыртын ойын орындары өз жұмысын жалғастыруда.

Салықтарды көтеріп қана қоймай, мемлекеттің, кәсіпкерлер мен азаматтардың мүдделері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беретін бизнесті реттеудің ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу маңызды.

Бір қызығы, мемлекет жұмыссыз қалуы мүмкін адамдарды қорғау үшін қандай қадамдар жасайды? Бұл шешімдер Қонаев қаласының мыңдаған тұрғындарының тағдырына әсер етіп, оның одан әрі даму бағытын белгілейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button