Таңдаулы

LOFT PARK БРЕНДІНІҢ МЕКЕМЕЛЕРІ АДАМДАРДЫҢ ТАҒДЫРЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Жақында біз лотерея клубтарының атын жамылып, электронды рулеткаға ұқсас құмар ойындарды ұсынатын Loft Park деп аталатын мекемелер туралы айттық. Жарияланым шыққаннан кейін, бізге Алматы қаласының тұрғыны хабарласып, осындай мекемелердің қызметінен зардап шеккенін айтты. Оның отбасында қайғылы оқиға орын алған – інісінің ойынға аса тәуелділігі, үйінен ақша жоғалуына, арақатынастарының бұзылуына және оның көңілінің қалуына себеп болған.

Өкінішке орай, мұндай оқиғалар осы біреу ғана емес шығар. Қазақстанның әрбір қаласында бұл мекемелер таяқ тастам жерлерде орналасқан және кейбір ойыншылардың пікірінше ойын механикасы – тұрақты ставкалары бар жылдам раундтар, тәуелділіктің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Көптеген қазақстандықтарда мынандай сұрақ: мұндай мекемелерге қатысты қандай шаралар қолданылуы мүмкін? Неге осындай мекемелер өздерін лотерея клубтары ретінде көрсете отырып, жұмысын жалғастыруда?

Сіздермен Алматы тұрғынының ашық әңгімесімен бөлісеміз. Оның қайғысы-мыңдаған адамдардың азабы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button