Таңдаулы

ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ АШЫҚТЫҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ: ӨСАБтағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҮШЕЛІГІ ТАҒЫ ДА ТОҚТАТЫЛДЫ

Қазақстанның азаматтық қоғам өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ Үкімет, Парламент, мүдделі министрліктер мен қадағалау органдарының басшылығына, елімізді Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасындағы (ӨСАБ) мәртебесін қалпына келтіру шараларын қабылдауды сұрап, ашық үндеу жолдады.

Оған, Қазақстанның осы халықаралық бастамаға мүшелігін қайта тоқтатуы себеп болды. Үндеу авторлары, бұл жағдай елдің жер қойнауын пайдалану саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындаудағы жүйелі кемшіліктерді көрсететінін, белгілеп өтті.
Мәлімдемеге сәйкес, Қазақстан 2007 жылдан бері ӨСАБ қатысушысы болып табылады және бұған дейін, онлайн есеп беруді енгізу мен өндіруші компаниялар қаржыландыратын жобалар туралы ақпаратты ашуға өңірлерді қосуды қоса алғанда, едәуір үрдіске қол жеткізген. Алайда, 2019 жылдан бастап тұрақты құлдырау байқалды: есептер кешіктіріліп жарияланды, сапасы төмендеді, ал Ұлттық мүдделі тараптар кеңесі (ҰМТК) өзінің жүйелілік сапасын жоғалтты: 2022 жылдан бастап оның отырыстары іс жүзінде өткізілмейді, ал тиісті агенттік, ҰМТК негізгі субъектілерінің бірі болып табылатын, азаматтық қоғаммен байланысын барынша азайтты.

2023 жылы Қазақстан алғаш рет мүшеліктің тоқтатылуына тап болды. 2025 жылы жағдай қайталанды — 2022 жылғы есеп, халықаралық талаптарға сай келмегендіктен қабылданбады. Хат авторлары, мұның себебі техникалық қателікте емес, жауапты ведомстволардың назарының жеткіліксіздігінде деп санайды.

ҰМТК өкілдерінің пікірінше, ӨСАБ шеңберінде міндеттемелерді орындамау, инвесторлардың сеніміне нұқсан келтіреді, бюджеттік жоспарлау мүмкіндіктерін шектейді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіреді, сондай-ақ ФАТФ стандарттарының сақталуына және Қазақстанның тұрақты және ашық экономикасы бар ел ретінде ілгерілеуіне кері әсер етеді.

Хатта көрсетілген басты міндеттердің ішінде:
* ұлттық есептерді уақтылы және сапалы дайындау;
* ҰМТК жұмысын қалпына келтіру;
* жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруда ашықтық қағидаттарын сақтау;
* азаматтық қоғамды шешім қабылдауға тарту.

Жұртшылық ӨСАБ формальдылық емес, мемлекеттің жауапкершілігін арттырудың, табыстың бөлінуін қадағалаудың, сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды құралы екенін атап көрсетеді.

Өтінішке, азаматтық қоғамнан ҰМТК мүшелері, ӨСАБтағы халықаралық құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ бейінді диалог алаңдарының сарапшылары мен модераторлары, қол қойды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button