Таңдаулы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАРДЫҢ ҚЫСҚЫ КҮТІМІНЕ 1,5 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛАДЫ

Алматы облысында 2024-2025 жылдар аралығында автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға қомақты қаржы бөлінді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2024 жылы қыстың төрт айында (қаңтар, ақпан, қараша, желтоқсан) 544,3 млн теңге игерілген. 2025 жылы қысқы жолдарды күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар айтарлықтай өскен – осы кезеңге 931,8 млн. теңге бөлінді, бұл бір жыл бұрынғыдан екі есе дерлік көп.

Қыс мезгілінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қызмет көрсететін жеті мекеме мен облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға жауапты алты мекеме жұмылдырылған. Олардың қарамағында КамАЗ, автогрейдер, трактор, бульдозер және жүк тиегіштерді қосқанда 219 мамандандырылған техника бар. Қысқы жағдайларда жолдарды өңдеу үшін 24,9 мың тоннадан астам инертті материалдар, соның ішінде тұз, құм және мұзды бұзуға арналған арнайы реагенттер дайындалды. Сондай-ақ, 593 тонна жанар-жағармай пайдалану көзделген.

Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылы қысқы жолдарды күтіп ұстауға кететін шығындардың өсуі мұздан тазарту құралдарының, жанар-жағармай материалдарының қымбаттауымен, қызметкерлердің жалақысының өсуімен, сондай-ақ осыған байланысты басқа да шығындармен байланысты деп түсіндірді. Бұл ретте басқарма жолдардың ұзындығы өзгеріссіз қалғанын атап өтті.

Бір қызығы, егер 2025 жылы қысқы маусымда жауын-шашын, көктайғақ едәуір аз шамада болса, жоспарланған реагенттер мен отынның бір бөлігі қажет болмауы мүмкін. Сонда, бюджет қаражатымен не болады? Бұл игерілмеген қаражат бюджетке қайтарылады дегенді білдіре ме?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button