Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕТІ ЖЫЛДА 1 300-ДЕН АСТАМ МЕКТЕП САЛЫНДЫ

Соңғы жеті жылда Қазақстанда 1 млн-нан астам оқушы орнына арналған 1 342 мектеп салынды.

2026 жылы тағы 101 мектептің құрылысы жалғасуда. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи инфрақұрылымы мен балалардың білім алуы және дамуына қолайлы жағдайлары бар білім беру ұйымдарының жаңа стандарты қалыптастырылды.

Ұлттық жоба аясында жаңа стандартқа сай жалпы сыйымдылығы 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Оның 84-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Back to top button