Жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ КЕЗІНДЕ ОНДАҒАН МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

 

Сарқан ауданында прокуратураның араласуымен аудандық аурухана аумағындағы жобаны іске асыру кезінде бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Тексеру барысында «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құны 53 млн теңгеден асатын конкурс жариялап, жоспарланған жұмыстарды ағымдағы жөндеу ретінде көрсеткені анықталды. Алайда жобалық құжаттама зерделенген кезде іс жүзінде құрылыс жұмыстары көзделгені белгілі болды.

Жоба аясында аумақты асфальттау, аллеяларды абаттандыру, қоршаулар орнату және түрлі нысандарды монтаждау қарастырылған. Мұндай жұмыстар құрылыс қызметіне жатады және арнайы лицензиялар мен рұқсат құжаттарының болуын талап етеді.

Қадағалау шараларының қорытындысы бойынша Сарқан аудандық прокуратурасы тиісті ден қою шараларын қабылдады. Нәтижесінде конкурс күшін жойып, жауапты лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

 

Back to top button