Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ РЕКОРД

Қазақстанда халық саны жаңа межеден асып, 20,5 миллионнан асты. Жаңартылған деректерді Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 4 мамырда жариялады.

Сала мәліметінше, жыл басында елде 20 499 822 адам тұрған. Ал 1 сәуірге қарай бұл көрсеткіш 20 547 909 адамға дейін өсті.

Осылайша, жыл басынан бергі өсім 48 087 адамды құрады. Өсімнің негізгі факторы — табиғи өсім, ол 42 879 адамға тең.

Көші-қон да оң әсерін тигізді: көші-қон сальдосы 5 208 адамды көрсетті. Қала тұрғындары басым — қалаларда 13 137 950 адам тұрса, ауылдық жерде 7 409 959 адам өмір сүреді.

Сонымен қатар, гендерлік теңгерімсіздік сақталып отыр: елде әйелдер саны басым. Олардың саны 10 503 236 адамға жетсе, ерлер саны 10 044 673 адамды құрайды.

Back to top button