Жаңалықтар

ҚОНАЕВТАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІ ӨҢІРДІҢ ТАРТЫМДЫ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ

Қонаев қаласында қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайтатын жаңа орталық — облыстық Достық үйінің құрылысы басталды. Жоба Алматы облысының ірі кәсіпкерлерінің қаржысы есебінен жүзеге асырылуда.

Болашақ ғимараттың іргетасына уақыт капсуласын Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қалады.

Бүгінде өңірде 105 этнос өкілі тұрады. Сондай-ақ 34 этномәдени бірлестік пен қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Жаңа Достық үйі олардың қызметін үйлестіретін, түрлі іс-шаралар, жастар бастамалары мен қоғамдық жобалар өткізілетін маңызды алаңға айналмақ.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, нысан құрылысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Ол, сондай-ақ, өңір кәсіпкерлері жобаны өз қаражаты есебінен қолдап, жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытқанын атап өтті.

Жобаға сәйкес, екі қабатты ғимаратта этномәдени бірлестіктерге арналған кабинеттер, 56 орындық конференц-зал және 300 адамға арналған мәжіліс залы орналасады. Нысан алдына биіктігі 92 метр болатын ту тұғыры орнатылады.

Құрылыс жұмыстарын үш ай ішінде аяқтап, Достық үйін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Back to top button