Шымкент қаласында ер адам тұрмыстық техника дүкенінен танымал брендтің кір жуғыш машинасын 285 000 теңгеге сатып алған. Құрылғыны орнатып, алғаш рет пайдаланып көрмек болған кезде сатып алушы елеулі ақауларды байқаған: судың дұрыс ақпауы және белгісіз қатты шу.
Тұтынушы дереу сатушыға техниканы ауыстыру немесе төленген соманы қайтару туралы жазбаша өтініш жолдаған. Алайда сатушы тарапынан өтініш қараусыз қалған.
Жауап ала алмаған азамат Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінеді. Бөлім тарапынан жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, жағдай жан-жақты қаралды.
Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданып, сатушы тауардың құнын толық өтеді.
