Қазақстанның Кувейттегі Елшісі Ержан Елекеев «National Bank of Kuwait» басшылығымен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесуде дамыған цифрлық инфрақұрылымы бар заманауи смарт-қала ретінде бой көтеріп жатқан «Alatau City» жобасына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, ҚР Елшісі биылғы күзде Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Кувейтке жұмыс сапары жоспарланғанын хабарлады. Сапар аясында инвесторларға «Alatau City» жобасының егжей-тегжейі мен оны іске асыруға қатысудың ықтимал форматтары таныстырылмақ.
«National Bank of Kuwait» өкілдері Қазақстан аумағындағы инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.
