Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайты іске қосылды.
quryltai.kz интернет-платформасында Құрылтай қызметі, депутаттардың жұмысы туралы өзекті ақпараттар, заң жобаларының мәтіндері, алдағы іс-шаралар туралы хабарландырулар мен сараптамалық материалдар жарияланады.
Сайт пайдаланушылары Құрылтай отырыстарын онлайн режимде қарай алады. Сонымен қатар платформада өкілді органның қызметіне қатысты фото және бейнематериалдар да қолжетімді.
Жаңа интернет-ресурстың іске қосылуы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтардың Құрылтай қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Құрылтайдың ресми сайты quryltai.kz мекенжайында қолжетімді.
