Қызықты

КӨПТЕГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТАБЫСЫНАН ШЫҒЫНЫ КӨП

Елімізде қазақстандықтардың артық шығындарына байланысты жаңа мәселе анықталды. Jusan Analytics сарапшылары Big-data базасына сүйене отырып, қазақстандықтардың тұтыну шығыстарының құрылымы олардың кірістеріне қарай қалай өзгеретінін зерттеді. Зерттеу нәтижелері халықтың ең аз қамтылған топтары, қарызбен ғана өмір сүріп қоймай, алынған несиелер мен қарыздар күнделікті қажеттіліктерді қаржыландырудың негізгі құралына айналғанда тұйық шеңберге түсетінін атап көрсетеді.

Алайда, артық шығындар мәселенің бір бөлігі ғана. Одан да алаңдатарлық тенденция тұтынушылық тәуелділік болып табылады, ол өзінің ауқымы бойынша тіпті құмар ойындарға тәуелділік мәселесінен де асып түседі. Бұл тұрақты негізсіз шығындардың әдеті — аяқасты сатып алудан демалысқа және статустық тауарларға негізсіз шығындарға дейін.

Еске салайық, Қазақстанда ойынға тәуелділікпен күресу үшін кешенді жоспар аясында 42 іс-шара қарастырылған, оны жүзеге асыруға 2024-2026 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 80,9 млн теңге бөлінген болатын.

Қазақстандықтардың шығындары қалай өзгереді?

Зерттеу тұтынушылық шығындардың тоғыз негізгі санатын анықтады, олардың арасында супермаркеттерде, дәріханаларда, кафелер мен мейрамханаларда сауда жасау, сұлулық пен денсаулық шығындары, ойын-сауық және туризм бар. Jusan Analytics мәліметтері бойынша:

Ең аз қамтамасыз етілген (70-200 мың теңге): Бұл адамдар тапқанынан көп ақша жұмсайды. Шығындардың басым бөлігі негізгі қажеттіліктерге жұмсалады: тамақ және дәрі-дәрмек. Алайда, қаражаттың едәуір бөлігі аяқасты сатып алулар мен несиелерге кетеді.

Орташа тұрмыстағылар (201-700 мың теңге): кірістерінің өсуімен базалық қажеттіліктерге шығындар азаяды, ал кафе, мейрамханалар мен сұлулыққа шығындары артады. Бірақ, өмір сүру сапасын жақсартуға жұмсалатын шығындардың артуына байланысты қаражат жинау қиынға соғады.

Жағдайы қамтылғандар (2 млн. теңгеден жоғары): басты қажеттіліктерге жұмсалатын шығындарының үлесі төмен. Негізгі шығындары демалуына, саяхатқа және мәнсап-мәртебесін көтеруге бағытталған сатып алуларға жұмсалады.

Тұтынушылық тәуелділік бұл өзекті мәселе

Қажетті мөлшерден артық жұмсау әдеті тұтынушылық несиелеудің ұлғаюымен бірге жүреді. Табысы 400 мың теңгеге дейінгі жалдамалы жұмысшылар өз шығындарының 45 пайызын супермаркеттерде сауда жасауға жұмсайды. Бұл жағдайда қаражаттың қомақты бөлігі қажет емес тауарларға жұмсалады. 200 мың теңгеге дейінгі табысы бар жастар ауқатты әріптестеріне қарағанда ойын-сауық пен киім-кешекке көбірек ақша жұмсайды.

Сарапшылар қазақстандықтардың табысы өскен сайын олардың тұтынушылық мінез-құлқы, сонымен қатар шығыс құрылымы да өзгеретінін атап көрсетеді. Алматы мен Астана табыстарының ұлғаюы кафелерге, мейрамханалар мен сұлулық салондарына жиі барумен қатар, осы санаттардағы орташа чектің едәуір өсуімен қатар жүреді:

Супермаркеттер: Алматыда орташа чек 28 мың теңгеден 68 мың теңгеге дейін, ал Астанада — 16 мың теңгеден 72 мың теңгеге дейін ұлғаяды.
* Кафелер мен мейрамханалар: Алматыда ол 2 — 15 мың теңгеге дейін, ал Астанада 3 — 11 мың теңгеге дейін өседі.
* Косметикалық қызметтер: Алматыда құны 4 — 26 мың теңгеге дейін, Астанада 9 — 25 мың теңгеге дейін.

Қоғам үшін жаңа сынақ

Тұтынушылық тәуелділік тез арада жаңа қауіпке айналуда. Қаржылық сауаттылықтың төмен деңгейі несиеге оңай қол жеткізумен бірге миллиондаған қазақстандықтарға әсер етуі мүмкін жүйелі дағдарысқа негіз жасайды. Жағдай мемлекеттік мекемелерден шұғыл әрекет етуді талап етеді. Мысалы, қаржылық тәуекелдерді азайту шаралары қарастырылған ойынға, тәуелділікке қарсы кешенді жоспарды жүзеге асыру тәжірибесі тәуелділіктің жаңа түрімен күресуге де бейімделуі мүмкін. Негізгі шаралардың ішінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды, кредиттер мен микроқарыздар беру шарттарын бақылауды қатаңдатуды, сондай-ақ жеке бюджетті басқару бойынша білім беру бағдарламаларын іске қосуды бөліп көрсету қажет. Арнайы шешуші қадамдар болмаса, қоғамның үлкен бөлігінің қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіретін артық тұтыну үрдісі күшейе береді.

Тұтынушыға тәуелділік — бұл адамның қаржылық мүмкіндіктері мен нақты қажеттіліктерінен тыс болса да, сатып алу немесе ақша жұмсау қажеттілігін сезінетін мінез-құлық түрі.

Аяқасты сатып алу: адам тауарларды немесе қызметтерді алдын ала ойланбастан сатып алады, көбінесе эмоциялардың немесе маркетингтік айлалардың әсерінен.

Артық шығын: қажет емес заттарды сатып алу немесе мәртебеңізді көрсету үшін қымбатырағын таңдау.

Несиені теріс пайдалану: тұтынушылық тілектерді қанағаттандыру үшін қарыз қаражатын үнемі пайдалану, бұл қарыз ауыртпалығына әкеледі.

Сатып алуға эмоционалды тәуелділік: бақыт немесе қанағат сезімі тауардың өзімен емес, оны сатып алу үрдісімен байланысты.

Бұл мінез-құлық қаржылық сауаттылықтың төмен деңгейімен, мәдени, әлеуметтік көзқарастармен, жарнаманың әсерімен және белгілі бір мәртебеге сәйкес келуге ұмтылумен байланысты болуы мүмкін. Уақыт өте келе тұтынушылық тәуелділік қарыз тұзағына, өмір сапасының нашарлауына, тіпті психологиялық мәселелерге әкелуі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button