2024 жылы Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы жасыл желекті мекенге айналуы тиіс еді. Ағаштар тұрғындарды әдемі тәжімен, керемет гүлденуімен қуантып, ыстық күндерде салқын көлеңкеге бөлеуі керек еді. Жақсы күтілген көгалдар мен ұқыпты кесілген жапырақтар қала көшелерін нағыз өнер туындыларына айналдыруы қажет болған. Ал жасыл алқаптарды суару ақордалық бағбандар үшін де үлгі, таңдануға тұрарлық іс болуы керек еді.
2024 жылы Қонаев қаласындағы жасыл желектерді күтіп-баптауға БІР МИЛЛИАРД ТЕҢГЕден астам қаржы жұмсалғанын ескерсек, осындай тұжырымдар туындайды. Жоқ, бұл бұрыстық немесе қателік емес — бұл ресми деректерде көрсетілген қомақты қаражат. Алайда, мұндай орасан шығындарға қарамастан, қала тұрғындары тиісті нәтиже көрмеді.
2024 жылғы 10 сәуірде ТКШ бөлімі мен Қонаев қаласының тұрғын үй инспекциясы мен «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК арасында жасыл желектерді күтіп-ұстауға және баптауға шарт жасалды. Шарттың бастапқы сомасы 400 миллион теңгені құрады.
Бірақ 2024 жылдың 8 тамызында ТКШ бөлімінің басшысы Тимур Акмурзаев пен «Жасыл қала Қонаев» МКК директоры Бақытжан Нұртаев сметаны тағы 602 240 000 теңгеге ұлғайтып қосымша келісімге қол қойды. Осылайша, 2024 жылы жасыл желектерді күтуге бөлінген жалпы сома 1 002 240 000 (1 млрд 2 млн 240 мың) теңгені және 1 тиынды құрады.
Қосымша келісім жасау үшін табылған негіз қызығушылық танытады. Келісім, Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да қорғалатын тұлғалардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу негізінде жасалған. Қонаев қаласындағы жасыл желектерді күтіп ұстау, баптау президент қызметімен қалай байланысты деген сұрақ туындайды? Қала ағаштары шынымен де осындай стратегиялық нысанға айналған ба?
Мұндай негіздеме күмән тудырады және осылайша тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алуды жүзеге асыру рәсімі жеңілдетілген болуы мүмкін деп болжауға негіз береді. Бұл сұрақтарға уәкілетті органдар жауап беруі тиіс, ал Қонаевтың жасыл желектері Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз етумен қалай байланысты екенін Президент Әкімшілігінде түсіндіре алатын шығар?!
Сонымен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптауға жұмсалған сома қаншалықты негізделгенін анықтау керек. Салыстыру үшін: 1 миллиард теңгеге, әрқайсының ауданы, 65 шаршы метр, екі бөлмелі 36 пәтер сатып алуға болады. Бизнес-класты Aristocrat тұрғын үй кешенінде осындай пәтерлердің құны 27 500 000 теңгеден. Бұл заманауи кешен қала орталығында, Д.Қонаев көшесі, №17 мекен-жайында ораналасқан. Абаттандырылған аумағы бар тұрғын үйлерді, соның ішінде жаяу жүргіншілер алаңдарын, заманауи балалар мен спорт алаңдарын, сонымен қатар КЕҢ АВТО ТҰРАҚТЫ ұсынады.
Мемлекеттік сатып алулар порталының мәліметі бойынша, келісім-шарт «орындалған» мәртебесіне ие және онда көзделген барлық төлемдер толығымен жүргізілген.
Мұндай мемлекеттік сатып алулар «бөлінген қаржы қаншалықты ұтымды және ашық пайдаланылды?» деген сұрақтарды еріксіз тудырады. Осыншама қомақты қаржы жұмсалған, қаланы көгалдандыру жөніндегі ауқымды жоба, неге көзге көрінетін нәтиже бермеді?
Сұрақтар ашық қалады. Құзырлы органдар жан-жақты тексеріп, халыққа нақты жауап береді деп сенеміз.