Редакциямызға Алматы облысының Әділет департаменті қызметкерлері ұсынған аудиожазба түсті. Жазбада естілетін ер адамның дауысы, қызметкерлердің айтуынша, департамент басшысының орынбасары әрі әдеп жөніндегі уәкіл Даурен Акимбековке тиесілі.
Оның сөйлегенінің толық мәтіні келесідей:
«Она уже, походу, в курсе, что мы её отъеб..ть хотим. Как меня нету — начинает здесь дезелить, как я приезжаю, на работе появляюсь — сразу көтін қысып ходит».
Айтылғанға қарағанда, әңгіме әйел адам жөнінде болған, Акимбековтің сөзінен, ол және тағы бір қызметкер сол әйелге жыныстық сипаттағы іс әрекеттер жасамақ болған немесе Акимбеков қарамағындағы әйел адамға өзге орынсыз әрекет жайлы айтып отыр. Мұндай мәлімдеме — лауазымды қызметтегі, әдептілікке жауапты тұлғаның аузынан шыққандықтан — мемлекеттік қызмет институтына деген сенімге нұқсан келтіреді және бүкіл департамент беделіне көлеңке түсіреді.
Дереккөздердің хабарлауынша, бұл жағдайдан Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті де хабардар болған, алайда ондағылар Акимбеков пен оның пікірлестерінің жоспарларына араласқысы келмеген.
Қызметкерлердің біреуі аудиожазбаны жұмыс чатына жіберіп, «Заместитель руководителя, уполномоченный по этике Акимбеков Д., это ваш голос? Про кого вы это говорите?» — деп сұрағанда, ол үнсіз қалған. Алайда, кейінірек ол екі әріптесіне қарсы «аудиожазбаны таратып, менің беделімді түсірді» дегендей полицияға арыз түсірді.
Белгілі болғандай, полиция арызды қарап, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты істі жапқан. Себебі аудиожазба Акимбековтің өзімен, өз еркімен жолданған және де оның жеке немесе отбасылық құпиясына қатысы жоқ, тек қана қызметтік қарым — қатынастарға жатады.
Редакцияға, департаменттің кейбір басшыларының қызметінде мүмкін болған өзге де заң бұзушылықтар туралы белгілі болды. Қазіргі уақытта бұл мәліметтер журналисттермен тексеріліп жатыр.
Біз, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне, осы материалда баяндалған деректер бойынша тексеріс жүргізіп, Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Даурен Акимбековтің әрекеттеріне ресми баға беруді, сондай-ақ оның «біз» деп атаған өзге тұлғаларының кім екенін анықтауды және, фактілер расталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, қатаң шара қолдануды өтініп, шағымданамыз.
Редакция аталған адамдардың кінәлі немесе кінәсіз екендігі жөнінде түпкілікті қорытынды жасамайды. Материал Алматы облысы Әділет департаменті қызметкерлері ұсынған ақпаратқа, құжаттарға және куәләндірулерге негізінделген.
Жалғасы бар…

best Turkey tour packages Turkey tour packages exceeded expectations. Cappadocia’s landscape is otherworldly and Istanbul is mesmerizing. http://kristin-fereira.com/?p=86936